МӘЖІЛІСТЕ МАРАПАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ
Бүгін «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Атқару комитетінің кезекті мәжілісі өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұйым заңгері Юлия Айбосынова «Кәсіподақ мүшелерін оқыту» және «Құрылымдық бөлімшелерімен орындалатын қоғамдық бақылау жұмыстары туралы», бас маман Зауре Бекмұхамбетова «Облыстық салалық ұйымдағы құжат айналымын цифрлық форматқа көшіру жұмыстарының жайы» және «Кәсіподақта іс жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі шешімдерінің орындалуы туралы», бас есепші Алтын Тұяқпаева «Сауықтыру орындарынан келген жолдамаларды бөлу туралы» хабарламалар жасады. «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау қалалық, Индер және Жылыой аудандық комитеттеріндегі ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру жайы туралы» филиал төрағалары Бақытжан Мұсағали, Қалжан Ахметова, Гүлайым Төребековалардың есебі тыңдалып, тиісті қаулылар қабылданды.
Мәжілісте «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы білім беру жүйесінде ұзақ жылдар бойы адал еңбегі мен ұстаздық міндетін абыроймен атқарып, ұлтымыздың болашағы – жастарға өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі жетістіктері және қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін:
Халық қаhарманы және қоғам қайраткері, офицер-ұшқыш Х.Доспанова атындағы медалін ардагер ұстаз – Мырзағалиева Жаннат Оразқызына;
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы» ҚБ «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісін – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің шаруашылық бөлімінің маманы Болат Қадыровқа, Атырау облыстық Білім беру басқармасының Исатай ауданы білім бөлімінің сектор меңгерушісі Беркалиева Сағираш Мұхатқызына, Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназиясының химия пәні мұғалімі – Исағалиева Камиля Орынбасарқызына;
«Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» төсбелгісін – «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Исатай аудандық комитеті» филиалының есепшісі – Қыдралина Ақзила Мұстахиқызына, Атырау облысы Махамбет ауданы Қосарал орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі – Тұралина Дилдаш Төлепбергенқызына;
«Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін – Атырау қаласы №21 «Алтын кілт» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі – Мұханова Амангүл Құрманғазықызына;
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ «Құрмет грамотасын» – Атырау облысы УГ-79 мекемесінің жанындағы колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары – Сүлейменова Ақсира Шияпқызына, Атырау облысы УГ-79 мекемесінің жанындағы колледжінің өндірістік оқыту шебері, арнайы пән мұғалімі – Шарипова Айгүл Таубайқызына табыс етті.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ баспасөз қызметі