МАҢҒЫСТАУДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» Атқару комитетінің кезекті мәжілісін өткізді. Мәжіліске Ақтау, Жаңаөзен қалалық және аудандық кәсіподақ филиалдары мен аппарат мүшелері қатысып, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады. Отырысқа Кәсіподақ төрағасы Тәрбия Байымбетова төрағалық етті.
Облыстық ұйымның кәсіподақ мүшелерінің салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысы туралы-құқықтық қызметтер жөніндегі маман Рустем Досымжанұлы Сүлейменов айтып берді.
Бұдан соң күн тәртібіне сәйкес «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Ақтау қалалық филиалының қаржылық қызметті ұйымдастыру және бухгалтерлік есеп жүргізу туралы мәлімдеме есебіне қатысты Жазира Қонарованың, Мұнайлы аудандық филиалының кәсіподақ ұйымында ақпараттық жұмысты ұйымдастыру туралы ұйым төрағасы Рита Текееваның ақпараты тыңдалды.
Атқару комитеті бұдан бөлек сала қызметкерлері мен олардың отбасы өкілдері үшін 2024 жылға арналған сауықтыру шараларын ұйымдастыру, Кәсіподақтың Түпқараған, Қарақия аудандық филиалдарында «Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбында Келісу комиссиясы мүшелеріне арналған оқыту семинарын жоспарлау, кәсіподақ жарналарының жиналуы мен бухгалтерлік есептің жүргізілуін тексеру нәтижелері бойынша Бақылау-тексеру комиссияларының жұмысын зерделеу, кәсіподақтық марапаттаулар туралы бірнеше ұйымдастыру мәселелеріне байланысты сұрақтарды талқылап, қарастырды.
Барлық қаралған сұрақтар бойынша Қаулы қабылданып, орындаушыларға міндеттер мен жауапкершіліктер жүктелді.
Маңғыстау облыстық ұйымы
-
Фото
-