ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК БОЙЫНША ҮЗДІКТЕР
Кәсіподақтың негізгі мақсаты: кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау болып табылады. Әлеуметтік әріптестік білім беру мекемесінің әрбір қызметкерінің әлеуметтік - экономикалық қорғалу мәселелерін шешуде басты орын алады.
Кәсіподақ комитетінің алдында тұрған міндеттер - ол әкімшілік пен кәсіподақ комитеті арасындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту және нығайту деңгейін тұрақты жетілдіру және жүзеге асыру; кәсіподақ ұйымының, оның мүшелерінің өкілдігі және мүдделерін қорғау жөніндегі жұмысын жандандыру, білім беру қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын арттыру.
Осылайша, мектеп әкімшілігінің, кәсіподақтың және білім бөлімінің бірлескен жұмысының нәтижесінде ұжымдарда салауатты, ынтымақтастық қатынас сақталады. Осакаров ауданы білім беру ұйымдарының оқу жылын қорытындылау отырысында кәсіподақ қызыметіне және әлеуметтік серіктестікті дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының», «Сала қызыметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айырықша еңбегі үшін» төсбелгісімен «психология-педагогикалық түзету кабинетінің» директоры Өскеева Зура Түсіпқалиқызы, «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан зор үлесі үшін» №13 жалпы білім беретін мектебінің директоры Горбачева Людмила Василевна және «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен «психология-педагогикалық түзету кабинетінің» есепшісі Калараш Лидия Ивановна марапатталды.
-
Фото
-