КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ ШИПАЖАЙҒА АТТАНДЫ
Кәсіподақ ұстаздардың құқығын қорғау, еңбек қатынастарын реттеумен шектелмейді. Кәсіподақ мүшелерінің денсаулығын нығайтуға да ерекше көңіл бөледі. Игі үрдіс бойынша Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы педагогтерді емдеу-сауықтыру шараларымен қамтыды. Жазғы демалысқа шыққан ұстаздар Алматы қаласындағы «Көктем» шипажайына аттанды.
Жазғы демалыс кезінде Ақтөбе облысының 150-ден астам білім қызметкері Алматы қаласында демалып, ем-дом қабылдайды.
Естеріңізде болса, оқу жылының қорытындысына орай салалық кәсіподақ егемен еліміздің бәсекеге қабілетті ұрпағын оқыту мен тәрбиелеуге бар күш-жігерін жұмсап, білім беру кеңістігінде ұзақ уақыт еңбек етіп, жоғары жетістіктерге қол жеткізіп жүрген білім және ғылым саласының қызметкерілеріне емдеу-сауықтыру орталығына жолдама тарту еткен болатын.
Бұл – мұғалімдердің мәртебесін көтерудің бір көрінісі.
«Көктем» шипажайы керемет таулы өлкеде орналасқан. Алатау бөктерінде орналасқан емдеу-сауықтыру орталығында демалушылар үшін барлық жағдай жасалынған. Педагогтер кешенді ем қабылдап, таудың саф ауасын жұтып, жанға жайлы демалыс орнында жазғы каникулды өткізеді. Сондай-ақ, көрікті жерлерді аралап, табиғат аясында серуендеп бос уақыттарын тиімді пайлануда.
"Мұнда түрлі ем қабылдайтын бөлмелер, фитнес залы, бассейн, концерт залы бар. Асхана қызметкерлері күн сайын тағам рационына өзгерістер енгізіп отырады.
Осындай керемет жерде демалып, денсаулығымызды түзетуге мүмкіндік мол,- дейді ұстаздар.
-
Фото
-