БАЙҒАНИНДІК ҰСТАЗДАР САЯХАТТАП, ДЕМАЛЫП ҚАЙТТЫ
Оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, мектеп қабырғасында қажырлы еңбек етіп жүрген ұстаздардың еңбектері жыл сайын еленіп келеді...
Жазғы демалыс кезінде Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының 100-ге жуық педагогы емдеу-сауықтыру шараларымен қамтылды.
Қазіргі таңда педагогтар Сарыағаш өңіріндегі “Айсары”, Алға қаласындағы “Шипагер” шипажайларында демалып, денсаулықтарын нығайтуда. Ұстаздар дәрігерлердің тағайындауымен әртүрлі емдік процедураларды қабылдап, бос уақыттарын тиімді өткізуде.
Сонымен қатар, кәсіподақ мүшелерінің бір легі Маңғыстау өңірінің киелі орындарына саяхат жасады. Байғанин аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен өткен туристік сапарда 60-қа жуық кәсіподақ мүшесі тарихи орындарды аралап көру мүмкіндігіне ие болды.
-
Фото
-