МӘРТӨК ҰСТАЗДАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданының 50-ге жуық ұстазы жазғы каникул уақытын тиімді өткізуде. Педагогикалық еңбек өтілі жоғары, кәсіби жетістіктерге қол жеткізген үздік ұстаздар кәсіподақ тарапынан емдеу-сауықтыру шараларымен қамтылды.
Педагогтардың бір тобы Қостанай облысындағы «Сосновый бор» шипажайында тынығуда. Мұнда асқазан-ішек жолдары, өкпе, жүрек-тамыр жүйесінің, тірек-қозғалысы, зат алмасудың бұзылуы, аллергиялық және тері ауруларының алдын алу үшін барлық ем-дом жасалады.
Кәсіподақ мүшелерінің келесі легі “Айсары”, “Мерке” шипажайларының шипалы суынан қуат алып, жан-жақты ем қабылдауда. Сонымен қатар өңірдегі “Шипагер” емдеу-сауықтыру орталығында аудандық кәсіподақ ұйымының мүшелері үшін жанға жайлы демалыс ұйымдастырылып отыр.
Ұстаздар денсаулықтарын нығайтып, жаңа оқу жылына тың күшпен кіріседі деп сенеміз.
-
Фото
-