ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСҚА ШЫҚТЫ
Жазғы демалыс кезінде Ақтөбенің Әйтеке би ауданының білім беру саласында нәтижелі еңбек етіп жүрген 50-ден астам кәсіподақ мүшесі «Айсары», «Шипагер» және «Мерке» шипажайларында тынығып, ем қабылдауда. Аталған санаторий-курорттық кешеннің өзіндік диагностикалық базасы толық медициналық тексеруден өтуге мүмкіндік береді, оның негізінде ем қабылдаушылар денсаулық жағдайы туралы қорытынды және жеке емдеу бағдарламасын алады.
Сонымен қатар Әйтеке би ауданының 30-ға жуық кәсіподақ мүшесіне Түркістан қаласын көру мүмкіндігі бұйырды. Тарихи-танымдық сапар барысында кәсіподақ мүшелері Түркістан қаласының көрікті жерлерін аралады. Бағдарлама бойынша олар Арыстан бабтың басына, Қожа Ахмет Яссауидің кесенесіне, Бәйдібек баба, Домалақ ана, Укаша ата өзге де киелі орындарға барып, тәу етті.
Қорыта келгенде, кәсіподақ мүшелерін қолдау бойынша алдағы уақытта да жұмыстар жалғаса бермек.
-
Фото
-