ЖАНҒА ЖАЙЛЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ қолдауымен өңірдегі 300-ден астам кәсіподақ мүшесі шипажайларда демалуға мүмкіндік алды.
Кәсіподақ мүшелері жазғы демалысты ұйымдастырған кәсіподақ ұйымына алғыстарын жеткізуде:
«Мен қазіргі уақытта Қостанайдағы «Сосновый бор» шипажайында демалып жатырмын. Шипажайдағы әр күн ерекше өтуде.
Алып жатқан ем, асханадан берілетін тағам түрлері тамаша. Демалыс аймағының әдемі табиғатына көз тоймайды.
Күн сайын тоғайға шығып, түрлі ағаштарды құшақтап, күш-қуат алып жатырмыз. Таза ауадан миың тынығып, ерекше күш-қуат аласың. Сонымен қатар күнде түрлі мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Жалпы, шипажайдағы демалысымыз тамаша өтіп жатыр. Осылайша керемет демалуға мүмкіндік берген Маңғыстау ауданы білім бөлімінің кәсіподақ ұйымына ризашылығымызды білдіреміз», - дейді Маңғыстау ауданының ұстаздары.
Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымы
-
Фото
-