МҰҒАЛЖАРЛЫҚ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ДЕМАЛЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Кәсіподақ ұйымы ұстаздардың құқығын қорғау, еңбек қатынастарын реттеумен шектелмейді. Кәсіподақ мүшелерінің денсаулығын нығайтуға да ерекше көңіл бөледі. Кәсіподақ тарапынан педагогика саласында көпжылдық тәжірибесі бар, өткен оқу жылында жоғары жетістіктерімен дараланған, көптеген байқауларда топ жарған ұстаздарға шипажайларға жолдама тарту етілген болатын. Емдеу-сауықтыру орталығында тынығу - бұл жолы Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының кәсіподақ мүшелеріне де бұйырды.
Қазіргі таңда аталған ауданның кәсіподақ мүшелері «Мерке», «Шипагер», «Сосновый бор», «Көктем» және «Сарыағаш» емдеу-сауықтыру орталығында болып, ем алып келді. Олар шипажайларда кешенді ем қабылдаумен қатар көрікті жерлерге саяхат жасап, жазғы демалыстарын ерекше өткізді. Сонымен бірге аталған шипажайларда демалушылар үшін мәдени-көпшілік және сауықтыру шаралары да ұйымдастырылған.
Ем алушылардың айтуы бойынша, шипажайларда көпсалалы ем жүргізіледі. Фитотерапия, яғни шөп дәрілер қайнатылып беріледі. Сондай-ақ, парафин-озекерит, электрофорез, амплипульс, ингаляция, дарсенваль, алмаг 02, теплон, пантамен дайындалатын минералды ванна мен душ, балқарағай мен панта бөшкесі, массаж және тағы басқа ем-дом түрлері жүргізілген.
-
Фото
-