КӘСІПОДАҚ ТЫНЫСЫ: ТИІСТІ ҚАРАЖАТЫН АЛДЫ
Шілде айының басында «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігіне Құрманғазы ауданындағы аграрлы-техникалық колледжісінің бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушы Наурызбай Өтеулиевтен 2022 жылдың қаңтарында модератор санатын алған күннен бастап осы жылдың мамырына дейін төленбей және негізгі жүктеме сағаттарына сәйкес тиісті аудандық 25 пайыз да қосылмай отырғандығы туралы арыз түскен болатын.
Облыстық бірлестіктің заңгері Юлия Айбосынова бұл мәселеге араласып, тиісті заңға сәйкес Н.Өтеулиевтің еңбек ақыларын дұрыс есептеу бойынша қоғамдық бақылау жүргізді. Жуырда колледж әкімшілігінен тиісті жауап келді, ондап орын алған кемшіліктердің түзетілгенін қаперге бере отырып, тиісті 603 504 (алтыжүз үш мың бес жүз төрт) теңге қаражатың төленгендігі туралы түбіректі қоса жіберді.
Осылайша, салалық кәсіподақтың күшімен колледж ұстазының тиісті алажақ қаражаты өндіріліп берілді.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ баспасөз қызметі