КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Шымкент қалалық ұйымына қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелері жазғы демалыстарында сауықтыру шипажайларымен қамтылды.
Оқушыларды білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымыз жазғы демалыс уақытын қызықты әрі денсаулыққа пайдалы өткізгісі келетіні анық. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды.
Осыған байланысты 287 кәсіподақ мүшесі «Манкент», «Сарыағаш», «Мерке», «Дархан», «Ыстық көл», «Алакөл», «Жаңақорған», «Атлант», «Арман» шипажайларында дем алып, қазіргі заманға сай жасалған түрлі аппараттармен емдер қабылдап, денсаулықтарын түзетіп қайтты. Көңіл күйлері көтеріліп, жақсы әсер алып келгендерін жеткізуде. Тауға саяхаттап, атпен серуендеп, бұлақтың суын ішіп, көгілдір көлге шомылып, таудың таза ауасымен дем алып, жаңа оқу жылына жаңа күш жігермен, жаңа ойлармен бастауға құлшыныс берген кәсіподаққа алғыстарын білдіруде.
Міне, жыл сайынғы кәсіподақ мүшелерінің жазғы демалысы осындай қызыққа толы кезеңдерімен есте қалуда.
-
Фото
-