УНИВЕРСИТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТА
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымы білім және ғылым саласында еселі еңбек еткен оқу орнының қызметкерлерін сауықтыру орталықтарымен қамтамасыз етті.
Басты мақсат - сала қызметкерлерінің денсаулығын нығайту, демалысын тиімді ұйымдастыру және шипажай орындарымен таныстыру.
Жазғы демалыс кезінде университеттің 20-ға жуық кәсіподақ мүшесі оқу жылын ойдағыдай аяқтап, Сарыағаш өңіріндегі “Айсары” және Жамбыл болсысындағы “Мерке” шипажайында еңбек демалысын тиімді өткізіп жатыр.
Айта кетейік, аталған шипажайда асқазан-ішек ауруының, созылмалы өт жолдары сырқаттары, өт қалтасы мен өт жолдарына тас байланғанда, созылмалы колит, энтероколит сияқты аурулардың бірнеше түрлерін сауықтырады. Сонымен қатар шипажайда олар емдік ванналар қабылдап, массаж және ингаляциялық емдеу, буын ауруларының алдын алуға арналған кешенді ем алады. Сондай-ақ, емдік-сауықтыру терапиясынан өтіп, бассейн мен саунаға түседі.
Қорыта келгенде, университеттің кәсіподақ мүшелерін қолдау алдағы уақытта да жалғаса бермек.
-
Фото
-