КӘСІПОДАҚҚА АЛҒЫС
«Денсаулық - басты байлық» демекші, осынау байлықтың қадірін біле бермейтініміз анық. Ұстаздық жолдағы ауыртпалықты серпіп тастап, биыл алғаш Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжі» КММ-нен «Көктем» шипажайына жол тарттым.
Шипажайда жасалған барлық ем шараларын тиімді пайдаландым. Сенбі, жексенбі күндері табиғаттың көрікті жерлерін тамашаладым, демалыстың бұл түрі жан дүниеме үлкен әсер берді. Шипажайдың қызмет көрсету деңгейі жоғары болды. Он күн ішінде жүргізілген емдік шаралардан бойға қуат алып, күш алып қайтқандаймын.
Шипажайға жолдама тарту еткен кәсіподақ көшбасшыларына алғысым шексіз. Ұстаздың еңбегін бағалап, жанға жайлы демалыс түрлерін ұйымдастырып келе жатқан кәсіподақ мамандарына ризашылығымды жеткіземін.
Ш.Шамарханова,
М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжінің кәсіподақ мүшесі