«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» - ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
Бала – бақыт, өмірдің жалғасы, еліміздің ертеңгі жарқын болашағы. Елімізде жасөспірімдерге жасалып жатқан қамқорлық шексіз. Солардың бірі – «Мектепке жол» шарасы. Елімізде 2008 жылдың 1 тамызынан бастап «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы дәстүрлі өтіп келеді.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепке дайындау және киім-кешек, аяқкиім, кеңсе тауарлары және тағы басқа қажетті заттарын түгендеп, олардың мектепке баруын қамтамасыз ету. Осы мақсатта «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі тамыз айында 2 отбасының балаларына қаржылай көмек көрсетті .
Сонымен қатар Атырау қаласы мен аудандардағы филиалдарымыз да осы бағыттағы шараларды жүзеге асыруға кірісті.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ баспасөз қызметі.