КӘСІПОДАҚ БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫН БАҒАЛАУҒА АТСАЛЫСТЫ
Білім беру жүйесіндегі тамыз - ерекше маңызы бар ай, өйткені оқу жылының басында көптеген түрлі іс-әрекеттерді орындауға берілетін уақыт.
Белгіленген тамыз шараларынан басқа, білім ұйымдарындағы дайындықты бағалау жөніндегі комиссиялар құрамындағы техникалық инспекторларының, бастауыш және аудандық, қалалық кәсіподақ ұйымдарының төрағаларының, басқа да білім беру өкілдерінің қатысуы бойынша жұмыстар ұйымдастырылады.
Шығыс Қазақстан облысы «Глубокое ауданы бойынша білім бөлімі» ММ жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылғы 12-16 тамыз аралығында білім беру мекемелерінің 2024-2025 оқу жылына дайындығына тексеру жүргізілді. Жаңа оқу жылы басталар алдында комиссия құрамына кірген Глубокое аудандық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мусина құжаттарды, қауіп төнген кездегі тәртіп ережелерін білуін бағалады.
Өрескел бұзушылықтар анықталған жоқ және жаңа оқу жылына қарай барлық ұйымдар тексеруден өтіп, балаларды қабылдауға дайын.
Дегенмен, оқу жылы бойы тексеру жұмыстарын жалғастыру қажеттілігін есте ұстаған жөн деген қорындыға келді.
-
Фото
-