«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» - ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУҒА МҮМКІНДІК
Әлеуметтік жағынан аз қамтылған, тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында елімізде жыл сайын «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып келеді. 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін акция Шығыс Қазақстан облысы білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымдарында биыл да өз жалғасын табуда.
Акция аясында Риддер қаласының білім беру ұйымдарының кәсіподақ мүшелерінің балаларына көмек көрсетілді.
Бірінші сынып оқушыларына арналған кеңсе тауарларын сатып алу үшін 70 сертификат пен қосымша қаражат бөлініп оқушылардың сөмкелері дайындалды. Көмек алғандардың ішінде мүгедек балалар мен көп балалы отбасылар да бар. Балалар мен ата-аналар кәсіподақ ұйымының қамқорлығы үшін үлкен алғыстарын білдіруде.
ШҚО білім кәсіподағы аз қамтылған отбасыларды қолдауды оқу жылы қарсанында ғана емес, жыл бойы іске асырады.
-
Фото
-