«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы білім қызметкерлерінің кәсіподағы жақсылық жасау акциясынан тыс қалмады.
Жыл сайын өтетін қайырымдылық шараларға белсенділік танытып әр түрлі әлеуметтік санаттағы кәсіподақ мүшелеріне көмек көрсетуде. Биылғы жылы көп балалы -кәсіподақ мүшелері, мектепке қажет оку құралдары және мектеп cөмкелеріне ие болды. Әр бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына оқу құралдары таратылып, аудан бойынша өз иелеріне табысталды.