ҰЖЫММЕН КЕЗДЕСУ
Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ-нің ұжымымен кездесті.
Аталған орталықтың басты мақсаты — жергілікті жерлерде балалардың, ата-аналар мен педагогтардың психологиялық әл-ауқатын нығайтуға және сақтауға бағытталған бірыңғай психологиялық қызмет жүйесін құру болып табылады.
Кездесу барысында Батыр Әлиев Кәсіподақ қызметінің кепілдіктері, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, олардың заңды мүдделерін қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
Іс-шара еркін диалог форматында жүргізілді. Кездесу соңында қызметкерлер қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.
-
Фото
-