КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
«Жетісу» жергілікті кәсіподағының төрағасы Мэлс Төлепбергенов Алакөл ауданындағы «Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернатының» ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында кәсіподақ қызметінің кепілдіктері, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, олардың заңды мүдделерін қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
Іс-шара еркін диалог форматында жүргізілді. Көпшілікті толғандырып жүрген сауалдарға жауаптар берілді.
Облыс бойынша кәсіподақ құрамына қосылып жатқан қызметкерлердің саны күннен-күнге артуда. Оның себебі кәсіподақ ұйымы барлық қызметкерлердің құқығын қорғап қана қоймай, олардың мүддесіне бағытталған бірқатар игі жұмыстарды атқаруда.