ҚҰҚЫҚТЫҚ СЕМИНАР: ЗАҢГЕРЛІК КЕҢЕС
Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы педагогтар мен өзге де қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайларының жақсаруына, құқығының қорғалуы на әркез көмек беріп, қолдау көрсетеді. Сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы өз мүшелерінің құқығын қорғау, еңбек заңдылықтарының сақталуын жіті назарда ұстайды. Бұл жұмыстар, әрине, әлеуметтік әріптестермен бірге атқарылуда. Өңір педагогтерін толғандырған өзекті мәселелер әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің аясында оң шешімін тауып келеді.
Әріптестік туралы салалық және облыстық келісім бойынша педагогтердің оқу жүктемесін бөлу, санат бойынша педагогтерге ақы төлеу мәселесі жайында бүгінгі жиында айтылды. Онлай платформада өткен семинарға Мәртөк, Ойыл, Қобда ауданындағы 100-ге жуық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, аудандық білім бөлімінің басшылары, білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарлары қатысты.
Семинарда облыстық кәсіподақ ұйымының көшбасшысы Раушан Серікова білім саласының өкілдерін жаңа оқу жылымен құттықтап, педагог мәртебесі туралы заң аясында атқарылуы тиіс мәселелерге жіті тоқталды.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының құқықтық еңбек инспекторы, бас маман Александр Алимпиев пен еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша маман Нұрлан Жетпісбай қатысушылар тарапынан түскен сауалдарға заң аясында жауап беріп, әріптестік туралы салалық және облыстық келісімнің тармақтары туралы баяндады.
Семинар соңында қатысушылар толғандырған сұрақтарын қойып, заңгерлік кеңес үшін алғыстарын жеткізді.
Айта кетейік, семинар Дүниежүзілік лайықты еңбек үшін әрекет күні аясында өткізіліп отыр.
-
Фото
-