СПАРТАКИАДА САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ
Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалының ұйымдастыруымен Өркен МББК базасында кәсіподақ мүшелері арасында шахмат және тоғызқұмалақ ойындарынан спартакиада өткізілді. Биылғы жылғы спартакиада Салалық кәсіподақтың 100 жылдығына арналды.
Спартакиаданың ашылу салтанатында Көшім ауылдық округінің әкімі А.Альмурзин және Бәйтерек АББ әдіскері Б.Шахбергенов пен аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Дусалиев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа 15 бастауыш кәсіподақ ұйымының командалары қатынасты. Өркен МББК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қанат Сарсенгалиевтің ұйымдастыруымен ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында тоғызқұмалақ ойыны арнайы тігілген киіз үйде өткізілді. Бастаманы қолдаған кәсіподақ мүшелері ұлттық нақыштағы киімдер киіп, ойынның ажарын келтірді.
Шараның қорытындысында топтық есептеуде 1 орынды Үлкен-Шаған МББК, 2 орынды Жайық мектебі, 3 орынды Т.Бигелдинов ат. ЖОБМ иеленді. Жекелік және топтық орындарға ие болған қатысушыларға құнды сыйлықтар табысталып, үздік шыққан қатысушылар облыстық кезеңге қатысуға жолдама алды.
-
Фото
-