ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДАҒЫ СЕМИНАР
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында әлеуметтік әріптестік аясында білім беру мекемелерінің басшылары, ауданның бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары үшін «Еңбек тәртібі және оған қол жеткізу әдістері» тақырыбында кездесу-семинар өтті. Шараның мақсаты - білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру.
Семинар жұмысына ШҚО жергілікті кәсіподағының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы - И.Н.Соколов, Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы - С.Д.Өтепов, Глубокое аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы - А.Б.Мусина қатысты.
Өз сөзінде И.Н.Соколов жұмыс берушілер актілерді сауатты, уақтылы жасауына, қызметкерлердің өзінің лауазымдық өкілеттіктерін толық, нақты түсінуіне, жауапкершілігі мен сапасына, өз міндеттерін орындауға және уақтылы бақылауға назар аударды. Кәсіподақ төрағасы А.Б.Мусина ағымдағы жылы қол қойылған және тіркелген бірыңғай ұжымдық шарт талаптарының орындалуын айтты.
Кері байланыс барысында қатысушылар қызықтырған сұрақтарға толық жауаптар алып, ұйымдастырушыларға осындай кездесулердің маңыздылығын атап, алғыстарын білдірді. Семинардың барлық қатысушыларына негіздер келтіріп, әдістемелік ұсынымдар мен нормативтік-құқықтық актілерге сілтемелер берілді.
Шара нәтижелі өтті, практикалық қызығушылық, оң пікірлер, алғыс сөздер тудырды.
-
Фото
-