КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ АРАСЫНДА ҚАЛАЛЫҚ ТУРНИР
БҚО, Орал қаласындағы Қ.Мырзалиев атындағы №47 қалалық жалпы орта білім беретін мектебінде Салалық кәсіподақтың 100 жылдығына орай, Батыс Қазақстан облыстық оқу – ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының, Орал қалалық комитеті – Филиалы және Орал қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен, білім беру мекемелерінің кәсіподақ мүшелері арасында тоғызқұмалақ және тоғызқұмалақтан Турнир өтті.
Турнирге қалалық білім беру мекемелерінен 100-ге тарта кәсіподақ мүшесі қатысты. Шараның шымылдығын ашқан Орал қалалық кәсіподақ комитеті – филиалының төрағасы Төлеген Темешев, шараның басты мақсаты - ұлттық зияткерлік спорт түрін насихаттау және дамыту, кәсіподақ мүшелерінің жұмысын жандандыру, кәсіподақ қозғалысын насихаттау жұмыстарын жүргізу, жастарды кәсіподақ қызметіне көптеп тарту, ынталандыру, сондай-ақ кәсіподақ мүшелеріне қолдау көрсету екенін айтты.
Сонымен қатар, Қ.Мырзалиев атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Нурлан Саттыков турнирге қатысушы кәсіподақ мүшелерін құттықтап, кәсіподақ тек қана еңбеккерлердің әлеуметтік – экономикалық және еңбек құқықтарын қорғаумен ғана шектелмей, өзара салауатты өмір салтын сақтауды кеңінен насихаттауға да қолдау көрсетіп жүргенін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған қатысушылар БҚО Орал қалалық кәсіподақ комитеті – Филиалының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталып, облыстық турнирге жолдама алды.
БҚО ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІ – ФИЛИАЛЫ
-
Фото
-