ТАЛДЫҚОРҒАНДА «КӘСІПОДАҚ БАРЫСЫ» АНЫҚТАЛДЫ
Салалық кәсіподақтың 100 жылдығына орай Жетісу облысы, Талдықорған қаласында білім саласы қызметкерлері арасында өткізілген республикалық «Кәсіподақ барысы» турнирінің қалалық іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті!
Турнирдің ашылу салтанатына «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы М.Төлепбергенов және Талдықорған қалалық филиалының төрайымы А.Ерікқызы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Талдықорған қаласының білім саласындағы қызметкерлері боз кілемде нағыз ерік-жігер мен мықтылықтың үлгісін көрсетті. Турнир барысында қатысушылар дене күштерімен қатар табандылық пен қайсарлықтарын, спорттық рухтарын танытты.
Жарыс нәтижесінде: «Кәсіподақ барысы» турнирінде І орынды – Б.Сырттанұлы атындағы № 25 атындағы орта мектептің дене шынықтыру мұғалімі- Ж.Байтарақов және №29 орта мектеп-лицейінің мұғалімі Е.Мұратханов жеңіп, облыстық «Кәсіподақ барысы» турниріне жолдама алды.
Турнирге қатысқандарды «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Төлепбергенов құттықтап, жүлделі орын алған командалар мен номинация иелеріне Талдықорған қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Ерікқызы Дипломдармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Талдықорған қалалық филиалы
-
Фото
-