МАҢҒЫСТАУДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Маңғыстау облыстық ұйымында Атқару комитеті кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Жиынға «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тарбия Баймбетова, Атқару комитетінің мүшелері, аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары қатысты.
Күн тәртібінде Маңғыстау аудандық филиалының кәсіподақ ұйымында ақпараттық жұмысты ұйымдастыру, Жаңаөзен қалалық кәсіподақ ұйымдарында еңбек занамасының орындалуына қоғамдық бақылау және құқық қорғау жұмысын ұйымдастыру, Бейнеу аудандық кәсіподақ ұйымында облыстық Атқару комитетінің қаулыларын және өздерінің шешімдерін бақылау, орындау жөніндегі жұмыс жағдайы, Ақтөбе өнеркәсіптік-технологиялар және басқару колледжі мен Қарақия аудандық кәсіподақ ұйымының қызметкерлерді құқықтық қорғау жөніндегі жұмысы талқыланды.
Кәсіподақ ұйымдары әрдайым кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғауға тиісті көмек көрсетуде. Әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісімдер, ұжымдық шарттарды басшылыққа ала отырып, білім бөлімдері мен кәсіподақ ұйымдарының бірлескен іс-әрекеттері білім саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің мәртебесін арттыруға, олардың қалыпты еңбек жағдайын жасауға бағытталған. Келісім аясында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, бүгінгі таңда аса маңызды болып табылатын педагогтардың әлеуметтік-экономикалық және еңбек мәселесін шешу, олардың әлеуметтік мәртебесін арттыру жөніндегі жұмыстар әлі де жалғасады, - дейді кәсіподақ төрағалары.
Өз кезегінде ұйым заңгерлері Наталья Храмова мен Рүстем Сүлейменов, Серік Умарбаев кәсіподақ төрағаларына уақытылы қоғамдық бақылау жүргізіп, құқықтық қызметтегі экономикалық сапаға мән беріп. білім беру ұйымдарындағы ашықтықты сақтауды тапсырды. Одан кейін ұйым маманы Асылтас Аманиязова кәсіподақ көшбасшыларына әлеуметтік желідегі жұмыс парақшаларын белсенді жүргізу және кәсіподақ жұмысының жариялылығын, қоғамдық ұйымға сенім артылуына назар аудару қажеттігі туралы айтты.
Атқару комитетінің отырысында басқа да бірқатар мәселелер қаралды. Жиын соңында алдағы атқарылар жұмыстар нақтыланып, тиісті Қаулылар қабылданды.
Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымы
-
Фото
-