БӨБЕКЖАЙ БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ
Ағымдағы жылдың 26 қыркүйек күні «Қазақстандық оқу –ағарту, ғылым және жоғарғы білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Байымбетова және Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы А.Қ.Утесбаева, облыстық кәсіподақтың құқықтық қызметтер жөніндегі бас маманы Н.Храмова, маман С.А.Умарбаевтың қатысуымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары мен еңбек қатынастарындағы өзгерістер туралы семинар өткізілді.
Семинарға 11 мемлекеттік, 20 жекеменшік бөбекжай басшысы қатысты.
Көкейде жүрген сұрақтарға жауап беріліп, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары мен еңбек қатынастарындағы өзгерістер туралы ақпараттар берілді.
Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-