ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ШЕШУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Ақтау қалалық жалпы білім беру мектептері арасында «Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбында Келісу комиссиясы мүшелеріне арналған оқыту семинары өткізілді.
Семинарға келісім комиссиясының 150-ден астам мүшесі қатысты.
Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы К.Еңсегенова оқыту семинарының мақсаты туралы айтып өтті.
Семинар тақырыбы негізінде баяндамашы облыстық кәсіподақ ұйымының құқықтық қызметтер жөніндегі бас маманы Н.С.Храмова түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Семинар соңында еңбек қатынасына байланысты берілген сұрақтарға толықтай жауаптар беріліп, қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Ақтау қалалық кәсіподақ филиалы
-
Фото
-