АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ
Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағы кезекті Атқару комитетінің отырысын өткізді. Отырысты Кәсіподақ төрағасы Батыр Әлиев ашып, Атқару комитетінің мүшелерін күн тәртібімен таныстырды.
Атқару комитетінің отырысында: Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды қыз балаларға арналған» Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ бастауыш Кәсіподақ ұйымының қызметі туралы; Астана қаласы әкімдігінің «№ 5 гимназия» КММ бастауыш Кәсіподақ ұйымының қызметі туралы; Еңбек күнін, қарттар күнін, Мұғалімдер күнін және Кәсіподақтар күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар туралы; Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының Қалалық Комитетін 2024 жылдың қараша айына шақыру туралы; Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағы активінің марапаттары туралы сұрақтар талқыланды.
Сондай-ақ, Атқару Комитеті Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.
Атқару Комитеті отырысының соңында белсенді қызметкерлерге кәсіподақ наградалары табыс етілді.
-
Фото
-