1 ҚАЗАН – ҚР ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ
Еңбек министрлігінің 2024 жыл 11 маусымдағы бұйрығымен Кәсіби меркелердің тізіміне енгізілген «1 қазан – ҚР Жоғары білім қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне байланысты, кеше М.Өтемісов атындағы академиялық драма театарында осы айтулы күнге орай жиналыс өтті. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ұйымдастырған салтанатты шарада ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек атыраулық сала ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Атаулы күнде университеттің бірқатар ғалымдары министрліктің марапаттарын алды.
Салтанатты жиналыста «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы құттықтау сөз сөйлеп, бір топ университет қызметкеріне облыстық салалық ұйымының Құрмет грамотасын тапсырды.
Атап айтқанда, экономика және құқық факультеті деканының орынбасары Әлия Сұлтановаға, мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасының аға оқытушысы Эльмира Испановаға, орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Нұргүл Кайырлиеваға, бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының оқытушысы Эльмира Махметоваға, экология кафедрасының оқытушысы Самал Аманжолқызына және физика және техникалық пәндер кафедрасының лаборанты Зарипа Қабекесоваға берілді.
Мереке құтты болсын, әріптестер!
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ баспасөз қызметі
-
Фото
-