СПОРТТЫҚ ЖАРЫС КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРГЕ АРНАЛДЫ
Республикалық салалық кәсіподақ қозғалысының құрылғанына100 жыл толуына және «Ұстаздар күні», «Кәсіподақтар күні» мерекелеріне орай, салауатты өмір салтын насихаттай отырып, спорттық ойындарды дамыту және қызметкерлер арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында білім беру ұйымдарында қызмет ететін есепшілер мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары арасында Маңғыстаудың Мұнайлы ауданында волейбол жарысы ұйымдастырылды.
Жарысқа Мұнайлы ауданы бойынша білім беру ұйымдарының есепшілері мен бастауыш кәсіподақ төрағаларынан құралған «Қыран», «Бүркіт», «Тұлпар», «Жалын», «Спартак», «Жұлдыз» командалары қызықты ойын өрнегін көрсетті.
Жарыс нәтижесінде:
І орынды «Бүркіт командасы» командасы;
ІІ орынды «Жалын» командасы;
ІІІ орынды «Спартиак» командасы иеленді.
Марапаттау кезінде жүлделі орын алған командалар мен барлық қатысушыларға Мұнайлы аудандық кәсіподақ ұйымынан сыйлық-сертификаттар табысталды.
Мұнайлы аудандық филиалы
-
Фото
-