БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ КЕЛІСУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-СЕМИНАР
Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағы кәсіподақ мүшелері болып табылатын білім беру ұйымдарының келісу комиссияларының мүшелеріне арнап кезекті онлайн-семинар өткізді.
Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағы төрағасының орынбасары Қайрат Садықов семинарды ашты, қатысушыларға жемісті жұмыс тілеп, осы семинардың маңыздылығын еске салды. Сондай-ақ, бұл оқыту семинары кәсіподақ мүшелеріне жыл сайын өз өкілеттіліктерін сертификатпен растау үшін тегін негізде өткізіліп тұратындығын хабарлады.
Кәсіподақ заңгері Динара Токбалина семинарға қатысушыларға келісім комиссиясының жұмысы, оның функциялары, еңбек қатынастары, еңбек даулары және басқа да өзекті мәселелер туралы толық ақпарат берді.
Іс-шара еркін диалог форматында өтті. Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Семинарға қатысушыларға оқудан өткендігі туралы сертификаттар табысталады.