ҰСТАЗДАР СПОРТТА БАҚ СЫНАДЫ
Ақтөбенің Әйтеке би ауданында білім саласының кәсіподақ мүшелері өздерін спорттық бәсекеде сынап көрді. Спорттық дода ұстаздар күніне орай өтті. Жарысты аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымдастырды.
Спорттық шараның басты мақсаты — ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, аудан педагогтарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Спортакиадаға қатысқан спортшылар волейбол, шағын футбол, үстел теннисінен бақтарын сынады.
Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Зейнел Бекетов сайыстың ашылу рәсімінде командаларға сәттілік тілеп, іс-шараның маңызына тоқталды.
Мұғалімдер арасында өткен жарысқа 18 білім беру ұйымдарынан 380 кәсіподақ мүшесі қатысып, нәтижесінде І орынды Комсомол жалпы орта білім беретін мектептің командасы жеңіп алды.
Ал, Т.Шевченко жалпы орта білім беретін мектебі қатысқан топ ІІ орынды иеленсе, Қарашатау жалпы орта білім беретін мектебінің командасы ІІІ орынмен марапатталды.
Жеңімпаздарға кәсіподақ ұйымының кубок, медаль және дипломдары табысталды.
-
Фото
-