ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЛАЙЫҚТЫ ЕҢБЕК ҮШІН
Жыл сайын Халықаралық еңбек ұйымының бастамасымен дүние жүзі бойынша кәсіподақтар 7 қазан — Дүниежүзілік лайықты еңбек үшін әрекет күнін атап өтеді.
Осыған орай, Батыс Қазақстан облысы Шыңығырлау ауданы «Болашақ» бөбекжай бастауыш кәсіподақ ұйымында «Лайықты еңбек» ұранымен дөңгелек үстел өткізілді.
Шара барысында еңбек ұжымының өзекті мәселелері талқыланып, қатысушылардың еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс орындарын сақтау, айлық жалақының уақытылы төленуі, еңбек қауіпсіздігінің сақталуы, еңбек және ұжымдық шарт талаптарының орындалуы мен қызметкерлердің өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты әлеуметтік мәселелері сөз етілді.
Дөңгелек үстелдің қорытындысында ұжым ұйымдастырушылардың мәселелерімен толықтай келісіп, өздері жасап жатырған қызметтеріне көңілдері толатындарын және ризашылықтарын білдірді.
-
Фото
-