«ҰСТАЗДЫҚ – ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ!»
Осындай атаумен «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкрлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы салтанатты қабылдауын ұйымдастырды.
Салалық кәсіподақтың 100 жылдығына және Мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылған шараға білім беру мекемелерінің басшылары, сала ардагелері, аудандық, қалалық филиалдары мен бастауыш ұйымдарының төрағалары және кәсіподақтың белсенді мүшелері қатысты.
Білім саласының кәсіподағына елеулі үлес қосып, аудандық кәсіподақтың төрағасы болып қызмет атқарған, еңбегін сіңірген кәсіподақ ардагерлері салтанатты шараға арнайы шақырылды
Салтанатты қабылдауды Оқушылар сарайының бүлдіршіндері ұстаздарға арналған өлеңдерімен ашып, шәкірттік тілектерін жолдады.
Жетісу жергілікті кәсіподағы төрағасы Мэлс Төлепбергенов Республика бойынша аталып өтіп жатқан мерекелермен барша кәсіподақ мүшелерін, білім беру саласының қызметкерлерін, ардагер-ұстаздарды құттықтады. Ұстаздардың еңбегіне алғыс білдіріп, қоғамдық жұмыстағы белсенділіктерін жоғары бағалады.
Мерекелік шарада кәсіподақ мүшелеріне Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төс белгілері, білім басқармасының және облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталары табыс етілді.
-
Фото
-