ТЕХНИКАЛЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағы елорданың білім беру ұйымдарының техникалық инспекторларына арнап «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарды Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев ашты. Ол өз сөзінде кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттарының бірі білім беру ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру болып табылатынын атап өтті.
Кәсіподақтың құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Токбалина Динара Калеловна еңбек саласындағы техникалық инспекторлардың рөлі туралы баяндады.
Семинар барысында еңбек қауіпсіздігін қадағалауда кәсіподақтың қызметі туралы нақты мысалдар талқыланды. Техникалық инспекторлар мен жұмысшылардың өздері жұмыс орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысу қажеттілігі туралы айтылды.
-
Фото
-