МЫҚТЫ МҰҒАЛІММЕН МАҚТАНАМЫЗ
Бүгін біз ұстаздық етуден жалықпай, көптеген шәкірт тәрбиелеп жүрген Қанша Оразғалықызы туралы сыр шертпекпіз. «Жақсы адамның кеудесі - таусылмас кең қазына» демекші, киелі Маңғыстаудай өлкеде ұстаздық жолын жалғап, бабалар өнерін өскелең ұрпаққа дәріптеу тек Қанша ұстаздай тұлғалардың ғана қолынан келері анық.
20 жасында ұстаздық қызметті бастаған Қанша апайдың осынау күнде шәкірт тәрбиелеп жүргеніне 40 жыл болыпты. Көркем еңбек пәні бойынша бабалардан мұра болған қолөнерді шәкірт бойына дәрітіп, білгенін жалықпай үйретіп, облыс, республика көлемінде тәжірибесімен бөлісіп жүрген ұстаздың еңбегі біз үшін үлкен өнеге.
Қанша ұстаз сынып жетекші болып, №5 мектепте бастаған ұстаздық жолында 3 сыныпты тәрбиелеп шығарды. Қазіргі таңда алғашқы сыныбының түлектері өзімен бірге бір мектепте әріптес. 2024 жылы түлеп ұшқан түлектерінің 17-сі мемлекеттік грант иегері атанды.
«Бабалар аманаты» кітабына төл туындылары еніп, халықаралық және республика деңгейінде талай ұстаздарға үлгі болып жүрген ардақты ұстаздың еңбегі ерен.
Қанша ұстаздың ашық мінезі мен сөйлеу мәнері, қоңыр әдемі дауысымен өзгелерден ерекшеленіп тұрады. Осындай мықты ұстазымызбен біз әрқашан мақтанамыз!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық кәсіподақ филиалы