БАСТАУЫШ ҰЙЫМ – БАСТЫ ТІРЕК
«Дүниежүзілік лайықты еңбек күніне» орай еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру мақсатында «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы бірқатар іс-шара ұйымдастырды.
Ағымдағы жылдың 7 қазанында «Еңбек күні» мерекесі ұстаздардың кәсіби мерекесімен қатар келуіне байланысты «Еңбегіне қарай құрмет, жасына қарай ізет» тақырыбында іс-шара өткізілді. Еселі еңбегімен ерекшеленіп жүрген педагогтарды мадақтау мақсатында өткен шараға білім беру саласының ардагерлері, қоғамдық жұмысқа белсене атсалысып, бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілері болып зейнетке шыққан ардақты ұстаздар, үздік ұстаздар және еңбек жолын енді бастаған жас мамандар шақырылды.
Талдықорған қаласындағы облыстық ұйымға қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенді мүшелерімен «Қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайлары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел барысында әр адамға тұрақты және сапалы жұмыс орны, қауіпсіз еңбек жағдайы және өз құқықтарын еркін жүзеге асыру мүмкіндігі, басшылық пен қызметкерлер арасында диалог пен өзара түсіністікке қол жеткізу, адам еңбегіне деген қамқорлық пен көңіл-күйдің көрінісі сынды өзекті мәселелер талқыланды.
«Дүниежүзілік лайықты еңбек күні» аясында аудандық, қалалық кәсіподақ филиалдарының ұйымдастырған шараларына облыстық кәсіподақ төрағасы Мэлс Төлепбергенов пен заңгер Асет Қайырхан қатысып, еңбек қауіпсіздігін қалыптастырудағы кәсіподақтардың рөлін, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша қызметкерлерді оқыту негіздерін, сондай-ақ, техникалық инспекторларының құқықтары мен өкілеттіктері түсіндіріліп, қатысушылармен аталған бағыттағы жұмыстар талқыланды. Сондай-ақ, ашық диалог түрінде өткен кездесулерге кәсіподақ мүшелері өздерінің көкейіндегі сауалдарын қойып, пікір алмасты.
-
Фото
-