АҚТАУДА ЖАҢА БАСТАУЫШ ҰЙЫМ ҚҰРЫЛДЫ
Салалық кәсіподақтың 100 жылдық мерекесі жылы аясында, Қазақстан Кәсіподақтары мерекесіне орай, Маңғыстау облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіптік одағығының төрағасы Тарбия Анайбекқызы Баймбетова №18 жалпы білім беретін мектеп ұжыммен кездесті.
Ұжымда 176 қызметкер жұмыс істейді.
Кездесу барысында төраға Тарбия Анайбекқызы Баймбетова жұмысының негізгі бағыттары, еңбек заңдылықтары, ұжымдық шарттың жасалу шарттары, 2024 – 2026 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы өңірлік келісім, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы және кәсіподақ мүшелеріне көрсетілетін жеңілдіктер мен қайырымдылық көмек түрлерін атап өтті.
Сонымен қатар, ұжымдағы жеке еңбек дауларының Келісу комиссиясы арқылы реттелуі мен еңбек қауіпсіздігін сақтау үшін өндірістік кеңестің құрылуы туралы ережелерді түсіндіріп, жаңадан құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымына сәттілік тіледі.
Мектеп басшысы, кәсіподақ ұйымына өз алғысын білдіріп, мектепте ашылған бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің көңіл күйіне ғана емес, жұмыс сапасын арттыруға да себепші болатынын айтты.
Кәсіподақ белсенділері бастауыш кәсіподақ ұйымының мақсаттары мен міндеттері туралы өз ойларын ортаға сала отырып, кәсіподаққа деген сенімдерін білдірді.
Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-