КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Қазақстан кәсіподақтар күні мерекесіне орай және Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының жүз жылдық мерейтойы аясында Ақтөбе облысының Шалқар ауданында мерекелік шара өтті.
Салтанатты шара барысында кәсіподақ қызметіне елеулі үлес қосқан бір топ білім саласының өкілдері марапатталды.
Басқосуда білім саласындағы жемісті еңбегі мен сала қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін, азаматтық құқықтарын қорғауға бағытталған нәтижелі еңбегі үшін №8 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметін атқарған Сербай Төрәлі «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Салтанатты шарада аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлсайра Құлекенова бірқатар кәсіподақ мүшелеріне 2024-2025 оқу жылының күзгі демалысында шипажайда ем алып, демалуға және Түркістан қаласына тарихи-танымдық туристік саяхатқа жолдамалар сертификаттар табыстады.
Сонымен қатар, аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Лаура Мұрсалова білім беру ұйымдарында ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбек етіп жүрген кіші қызметкерлерді аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының бірлескен Алғыс хатымен марапаттады.
-
Фото
-