ҚЫЗЫЛҚОҒАДАҒЫ КЕЗДЕСУ
14 қазан күні, «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірестігінің жауапты қызметкерлері іссапармен Қызылқоға ауданында болды. Аудан орталығы Миялы селосындағы кәсіподақ ұйымының көшбасшыларымен өткен кездесуде облыстық салалық кәсіптік одағының төрағасы Қылышбай Сүндетұлы «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің торқалы 100 жылдық тойын қарсылау бағытында атқарылған жұмыстардан қысқаша хабарлама жасады.
Келесі кезекте облыстық ұйымның заңгері Юлия Айбусынова «Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру туралы» тақырыбында семинар сабағын өткізді. Семинар барысында тыңдаушылар тарапынан көптеген сұрақтарға жауап берілді.
Миялыда өткен кездесу соңында заңгер Юлия Айбусынова қоғамдық бақылау өткізді.
Сол күні түсқайта қоғамдық бірестіктің жауапты қызметкерлері Ш.Еркінов атындағы орта мектептің педагогикалық ұжымымен кездесу өткізді. Жиналысқа Қызылқоға аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Алпанов Қанат, «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылқоға аудандық комитеті» филиалының төрағасы Кәрім Кенже, мектеп директоры Қалиева Тәттігүл, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Утаралиева Ақсаулелер қатысты. Кездесу барысында ұжымдағы кейбір көкейкесті мәселелер ортаға салынып, оны шешудің жолдары қарастырылды.
Жалпы, «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірестігінің жауапты қызметкерлерінің Қызылқоға ауданында болған іссапары нәтижелі аяқталды.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ баспасөз қызметі
-
Фото
-