КӘСІПОДАҚ КҮШІ – БІРЛІКТЕ!
Абай облысының Ақжар ауылында Шығыс Қазақстан облысы Білім беру қызметкерлерінің Тарбағатай ауданы “Ақжар” кәсіподақ ұйымымен Абай облысы Ақсуат аудандық кәсіподақ комитетінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен Қазақстандық салалық кәсіподақтың 100 жылдық мерей тойына орай “Кәсіподақ күші бірлікте” атты жолдастық кездесу болды.
Салтанатты кездесудің ашылуы екі ауданның кәсіподақ ұйымының төрағалары С.Ахметкалиев пен Е.Искаковтың құттықтауларымен ашылды.
1997 жылы Семей облысы мен Шығыс Қазақстан облысы қосылғанда Ақсуат ауданы мен Тарбағатай ауданы біріктіріліп, Тарбағатай ауданы болып аталып ,орталығы -Ақсуат болған.
Екі аудан ширек ғасыр 25 жыл бірге болды. 2022 жылы Президенттің Жарғысымен екі аудан бөлінген, аудан бөлінсе де екі ауданның кәсіподақ мүшелерінің бір-біріне деген сыйластықтары мен қарым-қатынасы бөлінбеген. Кездесу барысында құттықтау-тілектер, тәрбиелік мәні бар логикалық ойындар ойналып, арнаулар оқылды.
Ақсуат аудандық кәсіподақ комитетінің атқару комитеті мүшесі С.Ахметов өзінің жазған арнауын оқыды.
Салтанатты кездесуді Тарбағатай ауданының кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Искаковтың кәсіподаққа арналған “ Бір адам бар” атты арнауымен аяқтады.
С.Ахметқалиев,
Ақсуат аудандық
кәсіподақ ұйымының төрағасы
-
Фото
-