ЕҢБЕГІНЕ ҚАРАЙ ҚҰРМЕТ
Абдрахманов Нұрбұлан Кенжебекұлы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «М. Дауленов атындағы мектеп-интернаты» КММ директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарып келеді. Нұрбұлан Кенжебекұлының қарамағында 60-қа жуық қамту қызметкерлері бар. Әрбір қызметкермен ұжымдық шартта көрсетілген келісімдерді және еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігін сақтау шаралары дұрыс жолға қойылып, орындалуын қамтамасыз етіп келеді.
Осы қызметттің қыр-сырын жете меңгеріп, әлі де жұмыстан қол үзген жоқ. Мектебімізде жыл сайын жаңғырту жалғасуда, мектеп ауласының көгаландыруды, тал, жеміс ағаштарын егіп, гүлдендіру, абаттандыру ішкі, сыртқы тазалық жұмыстарына тиянақты жауапкершілікпен қарайды.
Қыс маусымы да таяп келеді жылу қазандықтарының жұмысын қадағалап, өзінің білімін ғана емес мәдениеті мен кішпейіл мінезімен де көпке үлгі, әрі сыйлы.
Нұрбұлан Кенжебекұлының сүйікті ісіне 25 жылдан астам уақыт арнады, ел алдындағы адал еңбегі өз жалғасын тауып, жемісін көруде. ШҚО жергілікті кәсіподақ тарапынан «Еңбек адамы» төс белгісі марапатына ие болды. Нұрбұлан Кенжебекұлының бұл марапаты көп жылдар бойы білім ошағындағы аянбай еңбек еткен, еңбегінің жемісі деп білеміз.
Ерен еңбектің үлгісін көрсете беріңіз.
Сәуле Серікбаева,
ШҚО Зайсан ауданы, М.Дәуленов атындағы мектеп-интернатының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.
-
Фото
-