
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының маманы Айжарық Серімбетов Мәртөк ауданына жұмыс сапары барысында №2 “Айгөлек” бөбекжай-балабақшасында, №1 “Тополек” бөбекжай-балабақшасында және №2 мектеп-гимназиясында болды.
Жұмыс сапары барысында бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыстарымен танысып, әдістемелік көмек көрсетті.
Облыстық кәсіподақ өкілі №2 мектеп-гимназиясының кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, педагогтерді толғандырған өзекті сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, білім мекемесінің басшыларымен жолығып, әлеуметтік әріптестік туралы келісімде көрсетілген міндеттемелерді талқылады.
-
Фото
-