МҰҒАЛІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы қаласындағы № 4 арнайы мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі Нұрпейісова Гүлжанар Молдакерімқызына Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды.
Бүгін, 2024 жылғы қазанның 28 күні Алматы қалалық жергілікті «Ұстаз» кәсіптік одағының төрағасы С.Байгуттинов Нұрпейісова Гүлжанар Молдакерімқызын мемлекеттік жоғары наградасымен құттықтап, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының сыйлығын тапсырды.
Сонымен қатар С. Байгуттинов Гүлжанар Молдакерімқызына «Ұстаз» кәсіподағы атынан гүл шоғын және бағалы сыйлық тапсырды.
-
Фото
-