БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Шығыс Қазақстан облысы оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы тікелей қызмет көрсету бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған «Бастауыш кәсіподақ ұйымының негізгі жұмыс бағыттары» атты оқыту семинарын өткізді. Семинарға 30 бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Семинар барысында тренинг, дәріс, дәріс-диалог, тәжірибелік жұмыс, кері байланыс әдіс тәсілдерді қолдана отырып жергілікті кәсіподақ қызметінің және кәсіподақ төрағаларына жүктелген жұмыс бағыттарымен таныстырды. Кәсіподақтың қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғаудағы рөлі және әлеуметтік әріптестік актілерінің маңыздылығы туралы айтылды. Тақырып үлкен қызығушылық тудырды, әлеуметтік серіктестер мен төрағалар Ұжымдық шарттың нормаларын белсенді талқылап, сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Кәсіподақ комитетінің жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау, бастауыш кәсіподақ ұйымында іс жүргізу, қаржы-шаруашылық қызметі, кәсіподақ марапаттары, сауықтыру және басқа да бағыттар туралы жұмыстарын қалай дұрыс ұйымдастыру керектігі жөнінде ұсыныстар берілді.
Семинардың жұмысын қортындылай келе қатысушылар Фидбэк (кері байланыс) арқылы өз пікірлерін қалдырды. Онда қаралған тақырыптардың өзектілігі мен қажеттілігін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп және бірлескен әрі қарайғы жұмыс бойынша өз ұсыныстары мен тілектерін енгізді.
Семинар соңында белсенді кәсіподақ төрағалары марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
-
Фото
-