КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымы Ақтөбе қаласы №37 мектебінің мұғалімі, кәсіподақ мүшесі Күнжарқын Алмағанбетованы мерейлі жасымен құттықтады.
Білім саласында табанды еңбек етіп, шәкіртіне білім мен тәрбие беріп, ұстаз деген ұлы есімді арқалап жүрген асқаралы алпыс жасты алқымдаған Күнжарқын Алмағанбетоваға сый-құрмет көрсетілді.
Күнжарқын Алмағанбетоваға Ақтөбе облыстық білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері ұйымы басшыларының құттықтау хаты мен “Сарыағаш” шипажайына жолдама табысталды.