ЕҢБЕГІМЕН ЕЛЕНГЕН ТҰЛҒА
Абсалямов Әділ Қауанұлы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Ақарал ауылында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын Ақаралы ауылында, содан Зайсан совхозында жалғастырды. Нарық жағдайына байланысты Қапшағай -Алматы, Астана қалаларында жеке құрылыс компанияларында құрылысшы, әрлеуші болып жұмыс істеді. «БИПЭК Авто- Казахстан» құрылыс компаниясының Рахман қайнары демалыс базасында жауапты басшылық қызмет атқарып, ғимараттардың және мешіт құрылысының сапалы салынуына өз үлесін қосты
Қазіргі уақытта Зайсан ауданы бойынша Сарытерек ауылдық округіне қарасты табиғаты тамылжыған Сауыр-Сайқан тауының бөктерінде «Бәйтерек» мәдени-спорттық сауықтыру орталығында еңбек етуде.
Оқушылардың жазғы демалысының сәтті ұйымдастырылуына атсалысып, ағымдағы жөндеу жұмыстарын абаттандыру, көгалдандыру, ауланы гүлдендіру шараларын да уақытында сапалы етіп жүргізіп отыр. Зайсан ауданы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы тарапынан ұйымдастырылатын спорттық жарыстардың, танымдық жорықтар мен семинарлардың, мәдени әр түрлі мерекелік шаралардың өткізілуіне өз үлесін қосып отырады. Еңбегі еленіп, облыстық кәсіподақ ұйымының қолдауына ие болып «Еңбек адамы» төсбелгісімен марапатталды.