ОЙЫЛДЫҚ ҰСТАЗДАРДЫҢ ЕСЕЛІ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ
Ақтөбе облысының Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының 50-ге жуық мүшесі күзгі каникулда “Сарыағаш”, “Манкент”, “Меркі” және “Юкон” емдеу-сауықтыру орталықтарында ем алып, тынығуда.
Аудан ұстаздарынан бөлек, білім саласында еңбек ететін кітапханашыларға, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына, психологтарға, кіші қызметкерлерге кәсіподақ тарапынан шипажайға жолдама берілген еді.
Аталған емдеу-сауықтыру орталықтарында тыныс алу жүйесі, жүрек, қан-тамыр, тірек-қимыл аппараты, жүйке жүйесі ауруларын емдеу мен алдын алуға арналған түрлі процедуралар жасалады. Сонымен бірге, мәдени-көпшілік және сауықтыру шаралары да ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар, аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы педагогтер үшін киелі Түркістан өлкесіне тарихи-танымдық тур ұйымдастырды. Саяхатқа шыққан мұғалімдер Түркістан қаласының көрікті жерлері мен киелі орындарды аралады.
Демалушылар: «Кәсіподақ ұйымы тарапынан көрсетілген осындай қолдау бізге тың серпін сыйлап, жаңа мақсаттарға жетуге жігерлендіреді. Осындай жақсы демалысты ұйымдастырған аудандық кәсіподақ ұйымына рахметімізді білдіреміз»,- деген алғысын жеткізіпті.
-
Фото
-