ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫНЫҢ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ ШИПАЖАЙЛАРДА БАС ҚОСТЫ
Күзгі каникул кезінде Әйтеке би ауданының білім беру саласында нәтижелі еңбек етіп жүрген кәсіподақ мүшелері «Мерке», «Сарыағаш», «Шипагер», «Зәру» шипажайларында тынығып, ем қабылдады.
Кәсіподақ жолдамасына ие болған педагогтер кешенді медициналық тексерістен өтіп, қажетті ем-дом алды. Емдеу-сауықтыру орталықтарында тұз шахтасы, родон ваннасы, фитотерапия, емдік массаж тағы да басқа көптеген процедураларды қабылдады.
Сонымен қатар педагогтер шипажайда түрлі аурулардың алдын алу және емдеу үшін қолданылатын әдістер, атап айтсақ, сумен, балшықпен емдеу, ингаляциялар, құрғақ көмірқышқыл ванналар, емдік дене шынықтыру, «Цигун» гимнастикасы, мануалды терапия, массаж, ине-рефлекс терапиясын қабылдады.
- Шипажай қызметкерлері жылы шыраймен қарсы алып, барлық жағдайымызды жасады. Күнделікті емдік процедураларды қабылдап, денсаулығымызды түзеттік. Қасиетті Түркістанға барып, рухани қуат алып қайтуды да ұмытпадық. Осындай жанға жайлы демалыс сыйлаған кәсіподаққа алғысымыз шексіз,-дейді кәсіподақ мүшелері.
Ақтөбе облыстық ұйымы
-
Фото
-