ЫРҒЫЗДЫҚ ҰСТАЗДАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ
Күзгі каникулда Ырғыз ауданының ұстаздары да шипажайда тынығып, денсаулықтарын нығайтуға мүмкіндік алды.
Ырғыз аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы білім беру ұйымдарында нәтижелі жұмыс жасап келе жатқан педагогтер мен кіші қызметкерлерге «Мерке» және «Айсары» шипажайларына жолдама табыс еткен болатын.
Демалушылар: «Мерке-Радон» шипажайында бір апталық демалыста болдық. Дертке дауа ем-дом, таза ауа, құнарлы ас мәзірі, мәдени шаралар демалушылардың көңілінен шықты. Табиғи таза жер асты суларының, медициналық қызметкерлердің жасап жатқан емі көңілге қонымды. Кең байтақ Қазақстаның баға жетпес аспанмен таласқан тау бөктеріндегі сұлу табиғаты адам жан дүниесіне рухани күш-қуат сыйлаумен қатар, салауатты өмір салтына негіз болары сөзсіз» ,- деп риясыз көңілдерін білдіруде.
«Айсары» шипажайындағы демалыс та кәсіподақ мүшелерінің көңілінен шығуда. «Шипажайдағы барлық қызмет түрлері талапқа сай, көңілге қонымды. Негізгі ем түрлері: электрофорез, парафин, УФО, тюбаж, асқазан, ішек жолдарын шаю, массаж түрлері, минеральды ванна, душ . Түркістан, Сарыағаш қалаларына саяхаттау жұмыстары да қолайлы ұйымдастырылып, демалушылардың тарихи-танымдық қызығушылығын артырып, жақсы көңіл-күй сыйлады”, - дейді кәсіподақ мүшелері.
Ақтөбе облыстық ұйымы
-
Фото
-